A Greenpeace activist holds a placard FABRICE COFFRINI/AFP/Getty Images

Давостан кейінгі депрессия

ДАВОС – Швейцарияның Давос қаласында жыл сайын өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатыстым. 1995 жылдан бері жылына бір рет мұнда жер-жаһанның элитасы бас қосып, әлемдегі мәселелерді ортаға салады. Бұрын-соңды ешқашан бұл жиыннан осы жолғыдай көңілсіз қайтпаған болармын.

Әлем күрмеуі қиын мәселелерден жапа шегіп жатыр. Әсіресе дамыған елдерде теңсіздік өршіп барады. Әлеуеті мықты болғанына қарамастан, цифрлық революция жеке өмірге, қауіпсіздікке, жұмыс орындарына және демократияға үлкен қауіп әкелді. Бұл проблемаларға Facebook пен Google сияқты америкалық және қытайлық бірнеше алпауыттардың монополиялық үстемдігін қосыңыз. Климаттың өзгеруі бүкіл әлемнің экономикасына тікелей қатер төндіріп тұр.

Бұл проблемалардың өздерінен бұрын жұрттың оларға реакциясы түңілдіреді. Бекер обалы не керек, Давостағы жиында әлемнің әр түкпірінен келген басшылар  құндылықтардың маңыздылығы жайлы әңгімеден сөз бастап жатты. Өздерінің айтуынша, олар акционерлердің табысын ұлғайту үшін ғана емес, жұмысшыларының, айналысының және жалпы әлемнің болашағын жарқын ету мақсатында тер төгіп жатыр екен. Олар тіпті климаттың өзгеруі мен теңсіздіктің қатеріне қатысты пікір білдірді.

https://prosyn.org/fEBvndykk