sombatpoonsiri1_artlandGettyImages_laptophandcuff artland/Getty Images

Киберсоғысты кім қаруландырып жатыр?

БАНГКОК – Бұрынғы Кеңес одағындағы түрлі-түсті революциялардан бастап, Араб көктеміне дейінгі басшылардың билігіне қауіп төндірген халық наразылықтарын бақылаған әлем автократтары азаматтық топтарды, соның ішінде демократияшыл қозғалыстар мен адам құқықтарын қорғау ұйымдарының аяғына тұсау салатын заңдық шараларды қолға алып жатыр. Ең ауқымды шаралардың бірі – басшылыққа белсенділердің онлайн іс-әрекетін бақылап, оларды жазалап отыру құқығын беру.

Қауіпсіздік күштерінің ашық қысым көрсетуі әлі де үлкен мәселе болып тұр, дегенмен соңғы жылдары автократ режимдер қарсыластарына қарсы тұру үшін құқықтық және бюрократиялық әдістерге көбірек жүгінетін болды. Мәселен, Камбоджа, Қытай, Египет, Эфиопия, Йордания, Ресей, Танзания, Тайланд, Өзбекстан, Венесуэла сияқты біраз ел ұйымды тіркеу, шетелден қаржы алу және жиын өткізу заңдарын қатаңдатты.

Сондай-ақ, автократ үкіметтер жала жабу, бүлікке шақыру сияқты кең анықтама берілетін заңдарды, терроризмге қатысты заңнаманы еркін қолдануға көшті. Енді олар өз репрессия арсеналына киберқауіпсіздік заңдарын да қосып жатыр.

https://prosyn.org/L5mm5DEkk