pei54_Feng LiGetty Images_china ccp Fen Li/Getty Images

Қытайдың бірпартиялы жүйесін қандай дағдарыс күтіп тұр (күтіп тұрған дағдарыс)?

CLAREMONT – Қазанның 1-ші жұлдызы , Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерейтойына орай, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 1949 жылдан бастап Қытай Коммунистік партиясының рекордын(жетістігін) тілге тиек етіп сөз сөйледі. Бірақ, Си Цзиньпин мырзаның айқын сенімі мен оптимизміне қарамастан, ҚКП – ның қатардағы мүшелері режимнің болашақ перспективаларына алаңдаулы - негізді себептермен.

2012 жылы Си Цзиньпин ҚКП-нің тізгінін қабылдағанда, ол Партия  1921 жылғы ҚКП мен Қытай Халық Республикасының құрылуын атап өтіп,  алдағы екі ғасырда барынша үлкен жетістіктерге жетуге тырысады деп уәде берді. Бірақ тұрақты экономикалық құлдырау мен АҚШ-мен арадағы өршіген шиеленістер ҚКП-нің 2021 жылғы мерекелеріндегі көңіл-күйін бұзуы мүмкін. Тіпті бір партиялы режим 2049 жылға дейін өмір сүрмеуі де мүмкін.

Диктатураның өміршеңдігіне техникалық шектеулер болмаса да, ҚКП бір партиялық режимдер үшін ұзақ өмір шекарасына жақындап келеді. Мысал ретінде, Мексиканың Институционалдық Революциялық партиясы билікті 71 жыл бойы сақтады (1929-2000); Кеңес Одағы Коммунистік партиясы 74 жыл басқарды (1917-1991); және Тайваньның Куоминтанг 73 жыл бойы (1927-1949 жж. материкте және 1949-2000 жж. Тайвань) билік етті. Солтүстік Корея режимі, 71 жыл басқарған Сталиндік отбасы әулеті, бұлар -  Қытайдың замандас бәсекелестері ғана.

https://prosyn.org/TDHCbyVkk