james167_Buda MendesGetty Images_brazilcoronaviruslockdownclosedstores Buda Mendes/Getty Images

Келер күн

ПРИНСТОН – Зардап шеккен әрбір елдегі ең негізгі саяси сұрақ - COVID-19 кесірінен болған шектеулерді қашан (және қалай) тоқтату мәселесі. Германия канцлері Ангела Меркель бұған қатысты күн өткен сайы өршіп тұрған даулы дебатты «пікірталас жынойнағының»  топтамасы деп сипаттады.

Басты проблема – дағдарысқа байланысты өсіп келе жатқан экономика және қаржы шығындарының бөлінісін қарастыру. Тарихта таяу уақытта орын алған осыған ұқсас жағдай өткен ғасырдағы төтенше қаржы мәселесін шешетін жалдамдатылған курсты ұсынған соғысаралық мерзім болып табылады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс та COVID-19 дағдарысы сияқты айтарлықтай ұзақ мерзімді қамтыған әрі бастапқыда болжағаннан гөрі біраз уақытқа созылды.   1914 жылдың жазында көпшілігі Рождество мейрамына дейін соғыс аяқталады деп ойлаған. Дәл сол сияқты адамдар 2020 жылы қысқамерзімді карантиннан кейін вирустың таралуы тоқтайды деп үміттенді. Аталған жағдайлардың екеуінде де әуел бастан-ақ экономикалық шок қажетті деңгейде ескерілмеген еді.

https://prosyn.org/OrYquzLkk