haque5_MANOLIS LAGOUTARISAFP via Getty Images_coronavirusrefugeeun Manolis Lagoutaris/AFP via Getty Images

COVID-19 кезінде миграциялық дағдарыстың алдын алу

ДАККА – Ұлттық шекара шегін жабу коронавирус індетіне қарсы жасалатын қалыпты шара және әрбір үкімет оны заң негізінде жүзеге асыруда. Әлбетте, вирус шекара төңірегінде ғана тоқтап қалмақ емес, жүріс-тұрысқа шектеу қою саясаты ендігі уақытта өзге бір мәселе – миграциялық дағдарысты тудырып отыр.

 2003 жылғы атипиялық пандемия, 2009 жылғы H1N1 доңыз тұмауы,  2014 жылғы Эбола, 2016 жылғы Зика вирусы және АИВ/ЖИТС сияқты бұған дейінгі вирустық эпидемиялар жолаушы жүрісіне шектеу қою арқылы пандемияға бақылау орнату мүмкін еместігін көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зардап шеккен аймақтардан адамдарды шығармай ұстап отыру аса қауіпті вирусты жоюға сирек көмектесетінін мәлімдеген.

Керісінше мұндай шектеулер ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, антимиграциялық көңіл-күйді күшейтеді. Сондай-ақ, әлем көшбасшыларының кейбірі өз мүддесі үшін пайдалануға тырысатын ұлтшылдық пен оқшаулануды да шегіне жеткізері анық. Мысалы, наурыз айында Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан «Радио Кошут»-қа берген сұхбатында: «Ауруды әкелген шетелдіктер және вирус солардың арасында тарап жатыр», -деген.

https://prosyn.org/6P80JKikk