vladimir putin with soldiers Sasha Mordovets/Getty Images

Путиннің соғыстарының зардабы

СТОКГОЛЬМ – Соғыс көп шығын әкеледі, мұны қазір Ресей халқы түсініп келеді. Кремль Шығыс Украина мен Сирияда әскери әрекеттерін жалғастырып жатыр. Бұл кикілжіңдердің ауқымы үлкен емес, дегенмен осының өзіне елдің шамасы жете ме?

Әлемнің ең ірі 11-ші экономикасы ретінде Ресей таяу болашақта бұл соғысты жүргізе беруге қауқарлы. Ал ұзақ мерзімнің мәселесі басқа. 2008-2016 жылдар аралығында Ресей әскери шығындарын ЖІӨ-нің 3,3 пайызына дейін арттырды. Стокгольмдегі беделді мекеме – Халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының мәліметіне қарасақ, АҚШ-тың қазіргі соғыс шығындарының деңгейі (ЖІӨ-нің 5,3 пайызы) де осыған жетеқабыл.

Ресей үкіметінің өз қаржы статистикасына қарасақ (оның ашық жарияланғаны тіпті таңқалдырады) оккупацияланған Қырымдағы азаматтық шығындар көлемі жылына 2 миллиард долларға жеткен. Шығыс Украинадағы шығындар туралы ашық мәлімет жоқ, дегенмен оның көлемі де сол шамалас десек болады. Демек, Ресей осы екі операцияға ғана 4 миллиард доллар, яғни ЖІӨ-нің 0,3 пайызын жұмсап отыр.

https://prosyn.org/viClrWmkk