marin4_Michele-Tantussi_Getty-Images_worker Michele Tantussi/Getty Images

Сандық экономикадағы бәсекелестікті қалпына қалай келтіруге болады?

МЮНХЕН – Сандық экономика кішігірім фирма, немесе фирмалардың тобына нарықтың айтарлықтай үлкен үлесін жаулап алуға мүмкіндік беру есебінен, барған сайын капитал мен жұмыс күшінің арасындағы жаңа алшақтықты жасап отыр. «Супер» компаниялар жаһандық жұмыс жасап  және бір мезгілде бірнеше елдердің нарықтарын басып алды. Нәтижесінде, соңғы 15 жылда 20 дамыған және ірі дамушы экономикалар тобының нарықтық шоғырлануы айтарлықтай өсті.

Бұл мәселені шешу үшін, G20 елдері капитал және жұмыс күші арасындағы табыс теңсіздігін шешіп, нарықтағы бәсекелестікті қалпына келтіру үшін Дүниежүзілік бәсекелестік желісін құруы қажет. Көптеген G20 елдеріндегі жалпы табыстағы капитал үлесінің өсу барысында, әлемдік бәсекелестік желісі ЖІӨ-дағы еңбек үлесінің төмендеу үрдісін кері бұрар еді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде ұлттық ЖІӨ-нің 70 пайызы еңбек табысына қатысты болды, ал қалған 30% капитал табысына тиесілі болған. Джон Мейнард Кейнс еңбек үлесінің тұрақтылығын «керемет» нәрсе ретінде сипаттаған. Бірақ сосын бұл ереже бұзылды. 1980 жылдардың ортасы мен бүгінгі күн арасындағы уақытта, әлемдік ЖІӨ-дегі еңбек үлесі  58% -ға дейін төмендеп, ал капитал үлесі 42% -ға дейін өсті.

https://prosyn.org/IWRDutUkk