putin medvedev Mikhail Svetlov/Getty Images

Соғыс әдеті қалмаған Ресей

МӘСКЕУ – Бірнеше апта бұрын Совет одағының соңғы басшысы әрі қырғиқабақ соғысты тоқтатуға ең көп еңбек сіңірген адам – Михаил Горбачев немістің Bild газетіне берген сұхбатында қазіргі әлемде «қырғиқабақ соғыстың барлық нышандарын көруге болатынын» айтты. Горбачевтың айтуынша, АҚШ «триумфалистік идеясын жүзеге асыру жолында» Ресейді де осыған тартып үлгерді.

Бірақ АҚШ пен Ресей арасындағы бұл антагонизм шынымен жаңа құбылыс па? Және Горбачев пен Кремль сияқты бар кінәні АҚШ-қа артып қоюымыз керек пе? Осы сұрақтарға жауап беру үшін Уинстон Черчильдің 1946 жылғы «Темір перде туралы» баяндамасынан әлдеқайда бұрынғы тарихқа көз салуымыз керек.

Іс жүзінде Ресей мен Батыс арасындағы бақталастық Қырғиқабақ соғыстан бір ғасыр бұрын басталды. 1820-жылдары Ресей Наполеон соғыстарының басты жеңімпазына ғана емес, Еуропадағы ең консервативті, нақтырақ айтсақ, ең реакциялық күшке айналды. І Александр мен І Николай патшалардың тұсында Ресей құрлықтың барлық монархияларына жұққан «революция обасына» қарсы тұруға дайын болды.

https://prosyn.org/pbCxZ6Okk