A freight train, carrying goods from China, departs for Vietnam  Barcroft Images / Barcroft Media via Getty Images

Вьетнамның экспортына қатысты жалған сараптама

СИНГАПУР – 17 сәуірде Bloomberg Қытай АҚШ-ты ығыстырып, Вьетнамның ең ірі экспорт нарығына айналғанын хабарлады. Ақпарат агенттігі келтірген және Халықаралық валюта қоры санаған мәліметтерге қарағанда, 2017 жылы Вьетнамның Қытайға экспорт көлемі  – 50,6 миллиард доллар, ал АҚШ-қа экспорты 46,5 миллиард доллар болған.

Егер бұл сан рас болса, онда Вьетнам, Қытай және АҚШ арасындағы үшжақты қарым-қатынаста елеулі өзгеріс болып жатыр деген сөз. Bloomberg мұны әлемнің екінші ірі экономикасы АҚШ-есебінен “аймақтағы ықпалын арттыруға тырысып жатыр” деп нақты сипаттады.

Бірақ, саудаға қатысты сандар толық жағдайды баяндамайды, зер сала оқысақ, бұл сандар тіпті қате болып шығуы мүмкін. Вьетнамның сауда мәліметтерін қадағалайтын Вьетнам кедендік қызметі бас басқармасының алдын ала статистикасына қарағанда, былтыр АҚШ-қа экспорт 41,6 миллиард, ал Қытайға 35,5 миллиард доллар болған. Яғни, Вьетнамның есебі бойынша, АҚШ – елдің ең басты экспорт нарығы рөлін сақтап отыр, және 17 пайыздық артық шама 2018 жылдың алғашқы үш айында тұрақты түрде сақталды. Бұған қоса Вьетнам кеден қызметі елдің тарихи сауда байланыстары ешқандай өзгеріске ұшырамағанын айтты. Яғни, Қытаймен арада үлкен сауда дефициті болса, АҚШ-қа керісінше шамадан тыс тауар экспортталып жатыр.

https://prosyn.org/L5yJwjAkk