pei76_Kevin FrayerGetty Images_china H&M Kevin Frayer/Getty Images

Қытай өз экономикасына қалай залал келтіріп отыр?

КЛАРЕМОНТ, КАЛИФОРНИЯ – Өткен айдың басында Қытайдың заң шығарушы органы – Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайы елдің 14-бес жылдық жоспарын бекітті. Бұл стратегия Пекин мен Вашингтон арасындағы геосаяси бәсекеге қарамастан, Қытайдың экономикалық өсімді қамтамасыз ететін ұзақмерзімді жоспары барын көрсетуі керек еді. Бірақ жаңа құжатқа басылған мөрдің сиясы кеуіп үлгермей жатып, Қытай бұл жоспардың сәтті жүзеге асу ықтималдылығы аз екенін дәлелдей бастады.

14-бес жылдық жоспардың негізгі бағыты – «екіжақты айналым» стратегиясы. Оған сәйкес, Қытай ішкі сұраныс пен технологиялық тәуелсіздік негізінде экономикалық өсімге қол жеткізуге тырысады. Бұл елді сырттан келетін тауарларға тәуелсіз етіп, АҚШ-тан басқа ірі сауда әріптестердің Қытай нарығы мен жоғары технологиялар өндірісіне тәуелділігін арттырады.

Қытай біраз уақыттан бері осы стратегияның негізін қалап келеді. Өткен жылдың соңында Қытай басшысы Си Цзиньпин Еуроодақпен инвестициялар жөніндегі жан-жақты келісімге (CAI) отырды. Бұған қол жеткізу үшін Си Цзиньпинге біраз жеңілдікке баруға тура келді. Бірақ оның еңбегі ақталды: бұл келісім Қытай мен Еуроодақ арасындағы байланысты нығайтып ғана қоймай, Еуроодақ пен АҚШ-тың арасына жік салып та үлгерді.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

or

Register for FREE to access two premium articles per month.

Register

https://prosyn.org/OMzc9CDkk