Skip to main content

kaixi2_ZhangPengLightRocketviaGettyImages_chinesemetrotravelersoncellphones Zhang Peng/LightRocket via Getty Images

Қытайдың жаңа әлемлік медиа тәртібі

ПАРИЖ – 30 жыл бұрынғы Тяньанмынь қырғынынан бері Қытай ерекше экономикалық дамуға қол жеткізді. Алайда, Батыс басшылары мен сарапшыларының болжамына қарамастан, бұл ел баспасөз бостандығын кеңейтіп, адам құқықтарына біртіндеп жол аша қоймады. Керісінше, “Шекарасыз репортерлар” ұйымының соңғы есебіне қарасақ, Қытай репрессияшыл “жаңа әлемдік медиа тәртібін” қалыптастыруға барынша кірісіп жатқан сияқты. Бұл – әлемнің демократиясына ашық қатер төндіретін қауіпті бастама.

Тяньанмынь көтерілісшілері қойған талаптардың бірі – сөз бостандығы, Қытай конституциясының 35-бабында оған кепілдік берілген. Алайда, Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) мен мемлекеттік аппарат бұл талапты орындамай келеді.

Қытай – журналистерді түрмеге қамау бойынша алдыңғы орында тұрған елдердің бірі. “Шекарасыз репортерлардың” 2019 жылғы Әлемдегі сөз бостандығы индексі бойынша ол 180 елдің ішінде 177-орынды иеленген. “Қытайдың ұлы брандмауэрі” – Интернетті сүзгіден өткізудің аса күрделі жүйесі, ол Қытайдағы 830 миллион қолданушының Интернетке кіру бостандығын шектеп отыр. Ал Қытай компартиясы баспалар мен әлеуметтік медиа платформаларына қысым жасап, цензура орнатудан еш қысылмай отыр. Бұл ел “әлеуметтік гармония” және “құндылықтардың айырмашылығы” деген риториканы ұстанып, Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясынан бас тартып келеді.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

https://prosyn.org/k9kNbZw/kk;

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated Cookie policy, Privacy policy and Terms & Conditions