1

Экономикалық дамудан саясатты алып тастау

ЛОНДОН – Осы айда, Лондонда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, оның «бір белдеу, бір жол» (OBOR) атты бастамасына қатысатын 65 ел басшыларына саммит өткізеді, бұл жаңашыл бағдарлама Азия, Африка, Еуропада инфрақұрылымды жобаларға миллиардтаған доллар құрайтын инвестицияларды салуға мүмкіндік береді. Жобаның күшті экономикалық негіздемесіне қарамастан, ол тұралы түрлі пікірлер орын алды.

OBOR бастамасының негізгі мақсаты материалдық байланыстарды дамыту болып табылады: тиімді инфрақұрылым еңбек өнімділігін арттырады, инвестицияларды көбейтеді, және сауда шығындарын төмендетеді. Тауарларды алмасудың тиімді арналары мен дамыған ақпараттық желілер арқылы экономикалық өсу жеделдейді, экономикалық мүмкіндіктер артып, теңсіздік те азаяды.

Жақсы жаңалық ретінде, мұндай инфрақұрылым тиімді және үнемді тәсілмен салынуы мүмкін деп айта аламыз. Мұндай жетістіктерге жетудің жолы ретінде әр елдің тиісті салыстырмалы артықшылығын пайдаланатын бірлескен күш болып табылады; ол артықшылықтар  - негізгі капитал, технологиялық ноу-хау, логистикалық немесе құрылыс мүмкіндіктері, шикізат немесе тіпті өнеркәсіптік тауарлар. Мұндай тәсіл төмен табысты елдерде дамуға серпін бере алады және дамушы экономикаларға жан түршігерлік орташа табыс тұзағынан құтылуға көмектесе алады.

Бірақ материалдық байланыстарды құру жұмыстары ауқымды қаржыландыруды ғана талап етпей, үйлестірілген саясат және нормативтік үйлестіруді қажет етеді. Қысқа мерзімді перспективада, инфрақұрылымдық инвестицияларға айтарлықтай саяси, егеменді, және қаржылық тәуекелдер кедергі болуы мүмкін.