renminbi Jie Zhao/Corbis/Getty Images

Қытайды SDR-ден шығарып тастау керек пе?

САНТА-БАРБАРА – Өткен аптада, Қытай үкіметі юань айырбас бағамын қатты бақылауға алды. Қытай 18 ай бұрын Халықаралық валюта қорының синтетикалық резервтік активінің құны, арнайы қарыз алу құқығы (SDR) анықталатын валюталар тобына юаньды кіргізуді қолпаштағандағы берген уәдесін бұзып отыр.

Қытайдың соңғы әрекеттерінің оның валютасына деген сенімді нығайтуға берер көмегі аздау. Алдында сарапшылар ескерткендей, SDR себетіне юаньды кіргізу ұзақ мерзімде зиянды салдары бар аса саясаттандырылған шешім болды. Бұл себетке бұрын АҚШ доллары, еуро, британдық фунт, және жапон йенасы кірген еді.  Бұл әлемдік деңгейдегі валюталар ХВҚ-ның екі талабына сәйкес келеді: олар әлемдегі жетекші экспорттаушыларымен айналысқа шығады, және олар «еркiн пайдаланылады», яғни олар кеңінен бүкіл әлемде айырбасталады.

Керісінше, юань SDR себетіне енген кезде, тек бірінші талапқа сәйкес болды. Қытай ол кездің өзінде әлемдегі ең ірі экспорттаушы ел болғанымен, оның қаржы нарықтары қарабайыр болды, және оның валютасы нағыз еркiн пайдаланылудан алыс болды. 2015 жылы юань орталық банктердің жаһандық резервтерінде жетінші орында,  халықаралық облигациялар шығаруда сегізінші, және жаһандық валюта саудасында он бірінші орында болды. Көптеген капитал транзакциялары бойынша ол айырбасталмады.

https://prosyn.org/OJpFv4Hkk