Chinese President Xi Jinping Keith Tsuji/Getty Images

«Мәңгі төраға» төңірегіндегі үш тұжырым

ЛОНДОН – Соңғы апталарда Батыс ақпарат құралдары Қытай Коммунистік партиясының төраға болып сайлануға қойылған шектеуді алып тастап, сол арқылы Си Цзиньпиннің өмір бойы билікте қалуына мүмкіндік беретін шешіміне көп көңіл бөлді. Олардың бұл жаңалыққа наразылық білдіріп, Қытайдың саяси моделіне күмәнмен қарауы түсінікті. Бірақ мені «Қытай неге Батысқа ұқсауға тырысамыз деп уәде бермейді?» деген сұрақтар таңқалдырды.

Сарапшылардың көбі Қытай Батыс стиліндегі либер-демократияға әйтеуір бет бұрады деп болжаған. Қытай Компартиясының шешімі аздап ойландырғаны рас, дегенмен өз басым қазіргі Қытайды қарапайым түрде түсіндіру – ақылға сыймайтын әрекет деп ойлаймын.

Бірден басын ашып алайық: сайланбаған қатаң басшының ел басқаруы Батыс стиліндегі демократиядан жақсы дегенді дәлелдегелі тұрған жоқпын. Си Цзиньпин Қытайды 20 жылдан астам уақыт билеп-төстейтін болса, онда мен де басқа сарапшылардың күдігіне қосыламын.

https://prosyn.org/X8iI9lzkk