A man looks at his phone near a giant image of the Chinese national flag Greg Baker/Getty Images

Қытай - сандық әлемнің супердержавасы

ШАНХАЙ – Қытай тұтынушыға бағытталған сандық технология әлемінде ғаламның көшбасшысы ретінде орнықты. Ол - әлемдегі ең ірі электронды коммерция нарығы, мұнда әлемдегі транзакциялардың 40 пайызы орындалады, әрі ол венчурлық инвестиция, автономды көлік, 3D баспа, робот пен дрон өндірісі және жасанды интеллект бойынша алдыңғы үштікке кіреді. Дүние жүзіндегі құны 1 миллиард доллардан асатын алпауыт стартаптардың үштен бірі - Қытайдікі. Елдің бұлттық технология өкілдері есептеу технологиясы бойынша әлемде көш бастап келеді. Қытайда жалпы сауда балансының дефициті байқалғанымен, бұл ел сандық қызмет саласында жылына 15 миллиард долларлық оң сальдоға қол жеткізді.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Қытайдың сандық экономикада тамаша жетісіктерге жетуіне Alibaba, Baidu және Tencent сияқты Интернет алыптары септігін тигізді. Бұлар өз қызметтерін үлкен ауқымда коммерциялап, бүкіл әлемдегі бизнес моделін түбірімен өзгертіп жатыр. Үшеуін қоса алғанда бұларды айына  500-900 миллион адам белсенді түрде пайдаланады.  Бұлардың көтерілуіне оңай ережелер, нақтырақ айтсақ, сол ережелердің кешеуілдетіп енгізілуі әсер етті. Мәселен, Alipay қызметін іске қосқаннан 11 жыл өткеннен кейін ғана реттеуші органдар онлайн ақша жөнелтудің жоғарғы шегін белгіледі.

Қазір бұл Инернет-компаниялар өз мүмкіндіктерін Қытайдың экожүйесіне және оны қалыптастыруға ат салысып жатқан кәсіпкерлердің толқынына инвестиция салуға жұмсап отыр. Alibaba, Baidu және Tencent үшеуі бірігіп Қытайдағы ең үлкен стартаптардың 30 пайызын, соның ішінде  Didi Chuxing (50 миллиард доллар), Meituan-Dianping (30 миллиард доллар) және JD.com (56 миллиард доллар) компанияларын қаржыландырып отыр.

Әлемдегі ең ірі ішкі нарықтың және венчурлық капиталдың арқасында Қытайдың бұрынғы басқалардан көшіргіш кәсіпкелері нағыз инновациялық орталықтарға айналды. Олар әлемнің ең бәсекелі нарығында гладиаторлар іспетті шайқасып, күрделі бизнес-модельдерді (мәселен Taobao-ның freemium моделі сияқты), өз бизнесін мықтап қорғайтын түрлі әдістер жасап шығуға дағдыланды (мәселен Meituan-Dianping компаниясы тамақты бастан-аяқ әзірлеп, жеткізіп беретін бағдарлама әзірледі).

Соның арқасында қытай инноваторларының құны Батыстағы әріптестеріне қарағанда  анағұрлым жоғары. Оның үстіне Қытай livestreaming (мәселен, еріннің қозғалысын синхрондайтын, видео алмасатын Musical.ly бағдарламасы), велосипед алмасу сияқты кей салаларда әлем бойынша көш бастап келеді (Mobike және Ofo сияқты велосиед алмасу бағдарламаларының көмегімен Қытайда күніне 50 миллион сапар жасалады, әрі қазір ол әлемге таралып келеді).

Ең бастысы - Қытай мобильдік төлемдер бойынша көш бастады. 600 миллионнан астам қытайлық ешқандай үстемақы төлеместен бір-біріне тікелей ақша жөнелту мүмкіндігіне ие. Қазірдің өзінде АҚШ-тың үшінші жақтың қатысуымен болатын мобильдік төлем нарығына қарағанда әлдеқайда көп транзакция жасай алатын Қытайдың мобильдік төлем инфрақұрылымы бұдан көп инновацияға мұрындық болатын түрі бар.

Қытай компанияларының техникалық мүмкіндіктері артқан сайын елдің нарықтағы жетістіктері деректер саласында жетістікке ұласып барады, бұл - жасанды интеллектіні дамытуға үлкен серпіліс. Жақында Қытайдың Face++ компаниясы 460 миллион доллар қаражат жинады. Бұл - жасанды интеллект саласындағы бұрын-соңды жиналған ең үлкен сома. Құны 14 миллиард доллар болатын тұтынушылық дрон шығаратын DJI, адам дауысын анықтайтын 14 миллиардтық iFlyTek, бейнебақылау құралдарын шығаратын, құны 50 миллиард доллар болатын  Hikvision - әрқайсысы өз салаларындағы әлемнің ең озық компаниялары.

Қытайдағы белең алып келе жатқан тағы бір тендеция «онлайнды офлайнмен қосуға» (online merging with offline - ОМО) Sinovation Ventures үлкен үміт артып отыр. Физикалық әлем сандық әлемге айналып барады, соның арқасында адамның тұрған жерін, қозғалысын, болмысын анықтап, бұл деректерді әрі қарай жөнелту арқылы онлайн шынайылық қалыптасады.

Мәселен, қазіргі электрондық саудамен айналысатын вебсайттар сияқты ОМО дүкендері де адамдардың іс-әрекетіне байқатпастан болжам жасайтын сенсорлармен жабдықталған. Сол сияқты ОМО арқылы тіл үйренгенде сол тілде сөйлейтін адам қашықтықтан дәріс оқи береді, ал оның жергілікті көмекшілері көп қинала қоймайды, себебі автономды бағдарлама сөздің дұрыс дыбысталуын қадағаласа, тағы бір аппарат үй жұмыстары мен тестілерді тексеріп, бағалайды. Қытай өзіндегі оффлайн инфрақұрылымды қайта құруға қауқарлы болғандықтан, ОМО саласындағы жетекші рөлді де сақтап қала бермек.

Дегенмен, Қытай тұтынушы өнеркәсібін сандық жүйеге көшіруде алда болғанымен, бизнесті сандық технологияға көшіруде біраз артта қалып келеді. Бұл да өзгеруі мүмкін. МакКинзи Ғаламдық институтының зерттеуі бойынша, 2030 жылға қарай сандық технологияның үш негізі - делдалсыздану (ортадағы делдалдан арылу), бөлшектеу (процесті бірнеше бөлікке бөлу), дематериалдану (физикалық түрден электрондық түрге көшу) саладағы табыстың 10-45 пайызын құрауы мүмкін.

Осы өзгерістердің арқасында табысқа кенелетін ойыншылар ғаламның сандық келбетіне ықпал етіп, Қытайдан тыс аймақтағы бизнесмендерге де қанат бітіреді. Қазіргі шабан компаниялардың орнын жаңа бизнес-модельмен қаруланған ширақ диджитал шабуылшылар басады, олар өнім өндірісінің барлық бөлігін біртіндеп жаулайды. Кең көлемдегі шығармашылық бұлқыныс тиімсіз салаларды күйретіп, Қытайды жаһандық бәсекенің жаңа белесіне алып шығады. 

Қытай үкіметінің болашақта әлемдегі сандық супердержаваға айналу жөнінде үлкен жоспарлары бар. Мемлекеттік кеңеске қарасты Жаппай кәсіпкерлік және инновация бағдарламасы 8 мыңнан астам инкубатор мен акселераторды қолдап отыр. Үкіметтің «Жетекші қор» бағдарламасы венчурлық капитал мен жеке инвесторларға жалпы көлемі 27,4 миллиард доллар қаржы бөлді. Бұл - пассив болғанымен, қайтарымы мол инвестиция. Үкімет қазір алдағы жеті жыл ішінде Қытайда 5G мобильдік байланысын дамытуға 180 миллиард доллар инвестиция салу үшін қаражат жинап жатыр, оның үстіне кванттық технологияны дамытуды қолдап отыр.

Сонымен бірге, Мемлекеттік кеңес 2030 жылға қарай Қытайды жасанды интеллект бойынша инновация орталығына айналдыру үшін жасанды интеллект саласын дамытудың нұсқаулығын әзірледі. Қазір құрылысы жүріп жатқан Сёнган қаласы автономды көліктерге арнап салынған алғашқы «смарт қала» болуы мүмкін. Үкімет 2020 жылға қарай Гуандун аймағын 80 пайызға автоматтандырамыз деп, алдына амбициялық мақсат қойып отыр.

Бұл ұмылыстар «ақ жағалылардың» әдеттегі жұмысынан бастап (тұтынушы қызметі, телемаркетинг сияқты), бұрыннан бар «көк жағалылар» жұмысына да (зат құрастыру сияқты), жүргізуші, радиология сияқты стандартты емес қызметтерге де әсер етіп, еңбек нарығын өзгертетіні анық.  MGI-дың соңғы зерттеуіне сенсек, жылдам автоматтандыру сценариі жүзеге асса, Қытайдың 82-102 миллионға дейінгі жұмысшысы жұмыстарын өзгертуі тиіс болады.

Қоныс аударғандарды қайта оқыту Қытай үшін үлкен мәселе болары анық, оның үстіне Қытай ірі диджитал ойыншылардың инновацияны тұншықтыратын монополияларды қорғауына жол бергізбейді. Бірақ үкіметтің  қатаң реттемей, қолдау білдіріп, табалдырықтан аттаған сандық ғасырға қадам басуға әзірлік танытуының арқасында Қытай қазір ерекше мүмкіндіктерге ие болып отыр.

http://prosyn.org/NULrF0T/kk;

Handpicked to read next