НЬЮ-ЙОРК – Қытайдың ең ірі әрі транспорттық орталығы саналатын Ухань қаласында басталған 2019-nCov жаңа короновирусы төңірегіндегі шу 2003 жылғы атипиялық пневмония немесе ауыр жіті респираторлы синдромы (SARS) кезіндегі тұрақсыздық пен үрейді еске салады. Бірнеше ай қатарынан өсімі жоғарылаған Қытай қор нарығы соңғы уақытта құлдырауда. Жаһандық нарық жүйесінде де көрініс тапқан мұндай үрдіс эпидемия салдарының Қытай экономикасы мен жаһандық экономикалық дамуға тигізетін кері әсеріне алаңдаушылық болса керек. Алайда вирусқа байланысты осыншалықты алаңдауға негіз бар ма?
Менің болжауым бойынша коронавирус мәселесі күрделене түседі, өлім саны мен ауруды жұқтыру ақпан айының екінші, үшінші аптасында ұлғаяды. Бірақ Қытай билігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәуір айына қарай эпидемияны бақылауға алғанын жариялайды деп ойлаймын.
Осындай сценарийге сәйкес вирустың экономикаға кері әсер етуі шектеледі. Вирустың салдарынан 2020 жылдағы Қытайдың ЖІӨ 0,1 пайыздық мөлшерде азаюы мүмкін. Әлбетте, 2020 жылдың бірінші кварталында айтарлықтай өзгеріс болары сөзсіз. Жылдық көрсеткіш бір пайыздық мөлшерде төмендеп, ал келесі айларда бұл құлдыраудың өтемі ретінде трендтен жоғары өсім қарқыны орын алады. Ал вирустың жаһандық ЖІӨ-нің өсіміне әсері өте төмен болмақ.
To continue reading, register now.
Subscribe now for unlimited access to everything PS has to offer.
Despite the dire predictions that have accompanied the decline of global governance, less international cooperation does not necessarily mean disaster. In fact, national governments can prioritize domestic prosperity and social cohesion over multilateralism without harming the global economy.
explains how countries can help the global economy by pursuing their own economic-policy agendas.
Although Russia's war in Ukraine has galvanized Polish society and elevated the country's status internationally, it is also obscuring some deeply troubling domestic political developments. Whether liberal democracy will prevail over reactionary authoritarianism in Poland is now an open question.
about recent domestic and geopolitical developments that will shape the country's future.
НЬЮ-ЙОРК – Қытайдың ең ірі әрі транспорттық орталығы саналатын Ухань қаласында басталған 2019-nCov жаңа короновирусы төңірегіндегі шу 2003 жылғы атипиялық пневмония немесе ауыр жіті респираторлы синдромы (SARS) кезіндегі тұрақсыздық пен үрейді еске салады. Бірнеше ай қатарынан өсімі жоғарылаған Қытай қор нарығы соңғы уақытта құлдырауда. Жаһандық нарық жүйесінде де көрініс тапқан мұндай үрдіс эпидемия салдарының Қытай экономикасы мен жаһандық экономикалық дамуға тигізетін кері әсеріне алаңдаушылық болса керек. Алайда вирусқа байланысты осыншалықты алаңдауға негіз бар ма?
Менің болжауым бойынша коронавирус мәселесі күрделене түседі, өлім саны мен ауруды жұқтыру ақпан айының екінші, үшінші аптасында ұлғаяды. Бірақ Қытай билігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәуір айына қарай эпидемияны бақылауға алғанын жариялайды деп ойлаймын.
Осындай сценарийге сәйкес вирустың экономикаға кері әсер етуі шектеледі. Вирустың салдарынан 2020 жылдағы Қытайдың ЖІӨ 0,1 пайыздық мөлшерде азаюы мүмкін. Әлбетте, 2020 жылдың бірінші кварталында айтарлықтай өзгеріс болары сөзсіз. Жылдық көрсеткіш бір пайыздық мөлшерде төмендеп, ал келесі айларда бұл құлдыраудың өтемі ретінде трендтен жоғары өсім қарқыны орын алады. Ал вирустың жаһандық ЖІӨ-нің өсіміне әсері өте төмен болмақ.
To continue reading, register now.
Subscribe now for unlimited access to everything PS has to offer.
Subscribe
As a registered user, you can enjoy more PS content every month – for free.
Register
Already have an account? Log in