aslund62_Carsten KoallGetty Images_eu Carsten Koall/Getty Images

Еуроодақтың бірігуіне жемқорлық көмектесе ала ма?

ВАШИНГТОН, КОЛУМБИЯ ОКРУГІ – Ұлы француз тарихшысы Фернан Бродель бізге тарихтан бағаланбаған ұзын толқындарды  (longue durée) іздеуді үйретті. Кейінгі отыз жылдағы осындай толқындардың біріне Орталық және Шығыс Еуропадағы Еуроодаққа кірген және оған қосылмаған мемлекеттер арасындағы экономикалық алшақтықтың артуын жатқызуға болады. Бірінші топтағылар Еуроодаққа мүше басқа мемлекеттерді қуып жетуге жақындады. Олардың экономикалық өсімі шығыстағы көршілерінен екі есе көп: бұл мемлекеттер Ресей мен Еуроодақ арасындағы бейтарап сызықта тұралап қалды.

Бұл тенденцияны Польша мен Украина арасындағы алшақтықтан көруге болады. Совет одағының 1989 жылғы статистикасына сәйкес, Орталық және Шығыс Еуропада коммунизмді құлатқан революциялар басталмай тұрып, Украинадағы жан басына шаққандағы табыс мөлшері Ресей мен Польшадан жоғары болған. Ол кезде қос мемлекеттің мәдениеті мен өндірістік құрылымдары ұқсас еді. Ал бүгінде Польшадағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім мөлшері (АҚШ долларымен есептегенде) Украинадан бес есе көп (Тіпті 2013 жылы Ресей Украинаға қарсы соғыс бастардан бір жыл бұрын Полшаның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім мөлшері 3.4 есе жоғары болған.)

Бұл тізімде Украина жалғыз емес. Беларусь пен Ресей экономикасы да 2012 және 2014 жылдардағы стагнация жағдайында қалып қойған. Ресейдің қиын жағдайын мұнай бағасының төмендеуімен байланыстыру Украина мен Беларусьтің неге дәл осы үлгіні қайталағанын түсіндіре алмайды. Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейін батыс санкцияларының қысымына ұшырады. Дәл солай Украина да Ресейдің әскери агрессиясының нәтижесінде жалпы ішкі өнімінің 17% жоғалтты. Бірақ 2016-2019 жылдары Украинада жалпы ішкі өнімнің жылдық өсімі 3% шамасында болды.

https://prosyn.org/lyycQKFkk