oneill69_Malte Mueller Getty Images_handholdingdollarsign Malte Mueller/Getty Images

Капитализм үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі

ЛОНДОН – Құрама Штаттардағы жұмыссыздық деңгейі 1960-шы жылдардың соңынан бастап ең төменгі 3,6% деңгейінде қалып отыр. Жұмыс берушілер шекті қызметкер үшін еңбек нарығын қатты  тарылып бара жатқандығын сезгендіктен, тіпті бұрын жұмыс орнын тастап кеткен адамдардың өзі кері қайтып жатқындығының белгілері де бар. Осы жаңалыққа сәйкес, АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің төрағасы Джей Пауэлл, ақыры жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысы өсіп жатқанын атап өтті.

Жалақысы төмен қызметкерлердің қуанышына орай, шілде айында АҚШ Конгресінің Өкілдер Палатасы федералды ең төменгі жалақыны сағатына 7,25 доллардан 15 долларға дейін  көтеру туралы заң жобасын қабылдады (алдағы жеті жыл ішінде біртіндеп жүзеге асады). Бірақ заңның республикалықтар бақылайтын Сенаттан өтуге мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, Конгрестің бюджеттік Басқармасы 15 АҚШ доллары мөлшеріндегі ең төменгі жалақы 1,3 миллион төмен ақы төленетін қызметкерлер үшін жұмыс орындарын жоғалтуға алып келеді деп бағалап отыр.

Мұндай қарсылықтар Ұлыбританияда 2016 жылдың көктемінде айтылды, сол кездегі премьер-министр Дэвид Кэмеронның үкіметі ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлттық саясатын таныстырған  кезде. Алайда, соңғы үш жылда жұмыспен қамтудың кері өсуінің ешқандай белгілері болған жоқ. Ал соңғы айларда онжылдық стагнациядан  кейін жалақы өсімі  қайта бастау алды, ал Резолюция Қоры енді нақты (инфляциялық түзетумен) Ұлыбританиядағы орташа апталық жалақыкөлемінде өзінің 2007 жылғы тамыз айындағы 513 Фунт стерлинг ($660)  шыңынан асып кетуі мүмкін деп болжауда.

https://prosyn.org/5KkG1hpkk