karacsony1_ATTILA KISBENEDEKAFP via Getty Images_democracy hungary ATTILA KISBENEDEK/AFP via Getty Images

Демократия қайта жеңіске жетуі үшін не істеу керек?

БУДАПЕШТ – Менің саяси тұрғыдан оянуым 1989 жылы Венгрияда коммунизм құлағаннан кейін басталған жүйелі өзгерістермен тұспа-тұс келді. Ол кезде елімде демократияландыру процесінің жылдам жүріп жатқанына ерекше қуандым. Жасөспірім кезімде жақындарымнан Австрияның шекарасына апаруды өтіндім: «темір шымылдық» бұзылып, Шығыс Германиядағы босқындардың елдің батыс бөлігіне өткен тарихи сәтіне куә болғым келді. Жаңадан шыққан жарияланымдарды оқып, жақында құрылған демократиялық партиялардың митингілеріне қатысып жүріп, болашаққа үлкен үмітпен қарай бастадым.

Қазір сол кездегі сезімдерім балалық аңқаулық, идиллияға толы санадан туған өнім сияқты көрінеді. Бүгінде көпқырлы дағдарыстардың әсерінен демократияға да, адамзат өркениетінің болашағына да қауіп төніп тұр.

Коммунизм құлағаннан кейін отыз жылдан соң тағы да Еуропадағы антидемократиялық саяси күштерге қарсы күресуге мәжбүр болып отырмыз. Олардың әрекеті көбіне ескі үлгідегі коммунистерді еске салады, тек қазіргі тұлғалар өз пікірін авторитарлық, нативистік популизм платформаларында айтады. Олар да бұрынғы коммунистер сияқты «шетелдік агенттер» мен «мемлекет жаулары» туралы айтудан жалықпайды, өз құндылығы мен саяси қалауына қарсы шыққан кез келген адамды осы топқа жатқызады. Бұрынғыша батысты менсінбей, оларға қарсы сол баяғы терминдер мен қорлайтын сөздерді қолданады. Олардың саяси тәжірибесі демократиялық нормалар мен институттарға, қоғамдық салаға зиянын келтіріп, жалған ақпарат пен манипуляцияның көмегімен азаматтардың санасын улайды.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

or

Register for FREE to access two premium articles per month.

Register

https://prosyn.org/179mELDkk