coyle1_Barcroft-Media_Getty-Images_union-Jack Barcroft Media/Getty Images

«Асылып тұрған» парламенттің экономикалық салдары

МАНЧЕСТЕР – Ұлыбританияда жақында ғана аяқталған сайлау - Консервативтік партиясының сайлауалды ұранында айтылғандай «күшті және тұрақты» үкіметтің құралуын қамтамасыз етуге тиіс болатын. Ол керісінше жасап, «асылып тұрған парламент» деп аталатын жағдайға апарып, кейінірек осы жылы тағы да бір жалпы сайлау ықтималдығын жасады.

Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың басқа да 27 мүшелерімен Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы өтетін келіссөздердің аяқталуына да аз уақыт қалды. Брексит келіссөздерінің қаншалықты күрделі болатынын, және британдық саясаткерлер мен шенеуніктердің оларға дайын еместігі туралы қам жеген әркім үшін бұл күңгірт болашаққа апарар жолдай көрінеді.

Асылып тұрған парламент жағдайы және үкіметте тори қауымдастығының азырақ қалыптасуы Ұлыбритания саясатын кем дегенде ЕО-мен болашақ сауда қарым-қатынас тұрғысынан «жұмсақ» Брексит бағытында жүргізуі мүмкін, бірақ бұл жағдай Британияның саяси көшбасшыларының келіссөздерді сәтті жүргізе алмауына де себеп болар. Британдықтар ЕО басшылары жанашырлық көрсетуге дайын деп үміттенеді, себебі сайлаушылардың бір айқын хабары - олардың ұсынылған балама таңдауларға сенімді болмауы болып табылады.

https://prosyn.org/xEvZXrpkk