Theresa May Justin Tallis/AFP/Getty Images

Британия Норвегияның жолымен жүре ме?

ЛОНДОН – Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй күтпеген жерден «Брекзит сайлауын» тағайындағанда мен Британиядағы еуропашылдар жеңіліп тұрып, жеңісті жұлып әкетеді деген едім. Бірақ бұл бес апта емес, бес жылда жүзеге асады деп болжағанмын.

Мэйдің қанша уақыт премьер-министрлікті сақтап қалатынын болжау қиын. Оның тағдыры жеке вендетталарына және тек Лондондағы ғана емес, Эдинбург пен Белфасттағы византиялық саяси текетіреске байланысты болмақ. Бірақ Брекзит бойынша келіссөздердің тағдырын болжағанда маңызды мәселелер Мэйдің саяси талайына онша байланысы болмай қалды.

Британияның парламенттік арифметикасы мен қоғамдық пікірі сайлауға дейін Мэй ұсынып жүрген иммиграцияны қатты шектеп, Еуроодақтың кеден одағынан, ортақ нарықтан және құқықтық юрисдикциядан шығатын «қатаң Брекзитті» қолдай ма, әлде бұған қарсы ма? Егер британдықтар Мэйдің бастамаларына қарсы болса, онда Еуроодақ басшылары оның абырой-беделін сақтап қалатын Норвегиянікі сияқты компромисс ұсына ала ма? Норвегия Еуроодақтың институционалдық құрылымдарынан тыс тұрғанымен, ол ортақ нарықтың коммерциялық пайдасы үшін ғана Еуроодаққа мүшеліктің міндеттері мен шығындарының көбін мойнына алып отыр.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/P6WmKHQ/kk;