soros104_adrian-dennis_AFP_Getty-Images_mark-carney-BoE-inflation Adrian Dennis/AFP/Getty Images

Кері Брексит процесі болады ма?

ЛОНДОН – Экономикалық шындық көптеген британдықтардың үміттерінің жалғандығын көрсетіп жатыр. Бір жыл бұрын, біршама адам Еуропалық Одақтан Ұлыбританияның шығуына дауыс берген кезде, олар танымал баспасөз құралдары, және шығып кету науқанын қолдаған саясаткерлердің, Брексит олардың өмір сүру деңгейін төмендетпейді деген уәделеріне сеніп қалған еді. Шынында да, осы бір жыл ішінде, олар тұрмыстық борышты өсіре отырып, сол деңгейді сақтап қалған.

Тұрмыстық тұтыным өсуі экономиканы ынталандырғандықтан бұл үрдіс біраз уақыт нәтиже әкеліп отырды. Бірақ Ұлыбритания экономикасы үшін ақиқат сәті тез жақындап келеді. Англия Банкінің жариялаған соңғы деректері бойынша, Ұлыбританияда жалақы өсуі инфляциямен ілесе алмай жатыр, сондықтан нақты ақшалай табыстар құлай бастады.

Бұл үрдіс алдағы айларда жалғасын табатындай көрінеді, және үй шаруашылықтары көп ұзамай олардың өмір сүру деңгейінің төмендеп жатқанын түсініп, қаражат жарату әдеттерін реттеуге мәжбүр болады. Оған қоса, олар қарыздарының тым өскенін ұғынып, ақша жұмсауларын азайтады, ал бұл экономиканы осыған дейін қолдап келген тұрмыстық тұтынудың да азаюына апарады.

https://prosyn.org/w9oIu6Tkk