city of london John Keeble/Getty Images

Брекситтің Бизнес Қырлары

ЛОНДОН – Шамамен бір жыл бұрын, британдықтардың 52 пайызы Еуропалық Одақтан шығамыз деп дауыс берген еді. Осы себептен ауыр экономикалық құбылмалы жағдай аса күтілген еді. Бірақ экономика осы күнге дейін жақсы тұрақтылықты көрсетті. Алайда біз осы аптада өтетін кезектен тыс жалпы сайлауды күтіп отырғанымызда, жоғары инфляция тұтынушылар мен кейбір бизнестерге әсер етіп жатқандығының белгілері де барын байқадық.  Негізгі сұрақ экономика ЕО-мен нақты ажырасуға төтеп бере алады ма?

Брексит референдумы ізімен, Англия Банкінің уақытылы әрекет етуі қаржы нарықтарын тыныштандырып және несие ағымдарын қалыпты жағдайда сақтауға көмектесті. 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегімен салыстырғанда, Ұлыбританиядағы фирмалар мен отбасылар үшін несие құны көтерілген жоқ, ол тіпті керісінше төмендеп те кетті. Ал британдық тұтынушылар олар ең жақсы көретін ісі - дүкендер және интернетте ақшаларын жаратуды жалғастырды. Тұрмыстық шығыстар өткен жылы жалпы экономикалық өсімді 2% деңгейінде сақтап тұруға көмектесті.

Қаржы нарықтарындағы үлкен өзгеріс ретінде фунт құнының күрт төмендеуін атап өтсек болады. Бірақ бұл төмен айырбас бағамы Ұлыбритания экспорттаушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Мен бас экономист болып қызмет атқаратын британдық өнеркәсіп конфедерациясының сәуір айындағы жүргізген өндірістік үрдістер зерттеуі қазір 2011 жылдан бері өндірістік тапсырыстардың ең мықты өсуін көрсетті. Бірақ мұнда да біраз қиындықтар бар, мысалы британдық өндірушілер импорт бағаларының жылдам көтерілуі салдарынан, 2011 жылдан бері орташа бірлік өндіріс құнының артуына да тап болды.

https://prosyn.org/bizK72rkk