24

Америка кеден бажының қиын жағдайы

НЬЮ-ЙОРК – Америка Құрама Штаттарында кеден бажын реттеу (КБЖ) таяуда орын алатындай болып тұр. Казіргі кезде заң шығарушы және атқарушы билікті бақылауға алған республикашылдар партиясы, тауарларын импорттайтын АҚШ компанияларына айыппұл салып, ал АҚШ экспорттаушыларына субсидиялар қарастырып, оларға салық үзілістер беретін бұл бажды корпоративтік салық реформасының маңызды элементі ретінде қарастырады. Отандық өндірісті, инвестицияларды және жұмыспен қамтуды арттыра отырып, ол АҚШ-тың сауда теңгерімінің жақсаруына әкеледі деп хабарланады.

Шындығында, республикашылдардың жоспары аса күрделі болып табылады. Басқа жоспарланған реформалармен қатар, КБЖ корпоративтік табыс салығын корпоративтік ақша ағыны салығына айналдырады (шекаралық реттеумен бірге), және бұл АҚШ компанияларының бәсекеге қабілеттілігі және табыстылығы үшін алыс-жетіп салдары болатынын білдіреді.

Кейбір секторлар немесе фирмалар, әсіресе импортқа сүйенетін американдық бөлшек саудадағылары салық міндеттемелерінің күрт артуына тап болуы мүмкін; кейбір жағдайларда, бұл олардың салықтан бұрын көрген пайдаларынан әлдеқайда көбірек бола алады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіндеттәрізді экспорттық секторлар немесе фирмалар, олардың салық ауыртпалығының айтарлықтай қысқаруынан пайда көрер еді. Бұл  айырмашылық негізсіз және әділетсіз көрінеді.

КБЖ табыс бөлуде басқа да салдары болады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл табыс бойынша төменгі 10% -ға кіретін тұтынушыларға аса қатты соққы беруі мүмкін. КБЖ республикашылдар қолдап жатқан корпоративтік салықтарды қысқартуларының орнын толтыратын тәсіл ретінде көрестіліп жатыр және аталмыш қысқартулардың қайтадан кірістері көптерге пайдасы тиері анық.