Hong Kong Marco Wong/Getty Images

Азияның ақша қоры Азияда қалуы тиіс

ГОНКОНГ – Соңғы отыз жылдан астам уақыт Азия басқа аймақтарға қарағанда жылдам дамыды. Азия дамыған сайын АҚШ-пен саудадағы оң сальдоның арқасында қаражатын экспорттап, Нью-Йорк пен Лондон арқылы тікелей және портфолио инвестициясы күйінде қайта импорттай бастады, ал бұл жұрт онша елемеген қаржылық шиеленіс туғызды.

2015 жылдың соңында Қытай, Гонконг, Жапония, Корея, Сингапур мен Тайванның жалпы жиынтық активтерінің ауқымы 7,3 триллион долларға, яғни АҚШ-тың сыртқы халықаралық инвестициялық міндеттемелерінің жалпы көлеміне жетті. Және бұл теңсіздік жуықта өзгере қоймайтын тәрізді. Іс жүзінде ағымдағы операциялар шотындағы дефицитке және валюта айырбас бағамының әсеріне байланысты АҚШ-тың жалпы міндеттемелері 2016 жылғы қыркүйекте 7,8 триллион долларға дейін өсті.

Азия мемлекеттері өз қорларын неге өз аймағына инвестиция етіп салмайды? Мұның бір айқын себебі – АҚШ-тың әлемдік қаржы саласындағы, соның ішінде әсіресе капитал және валюта нарықтарындағы үстемдігі. 2005 жылғы мақаласында Пьер-Оливер Горинчас пен Хелен Рей «әлемдік банкир ретінде АҚШ тек қарыз алып, қарыз бергеннің орнына халықаралық деңгейде, әсіресе Азияда инвестиция салып, венчурлық капиталистке айналды» деп жазған.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/trDmRKX/kk;