crowd china street Stefan Irvine/LightRocket/Getty Images

Тез қартайып жатқан Азиядағы дамуды сақтау

СИНГАПУР – Азия ондаған жылдар бойы экономикалық өсім бойынша әлем чемпионы болып келді және осы жылы да солай болмақшы. Соңғы Халықаралық валюта қорының өңірлік экономикалық шолуы бойынша (REO), Азия-Тынық мұхиты аймағының ЖІӨ 2017 жылы 5,5% -ға, ал 2018 жылы 5,4% -ға артуы болжанып отыр.

Геосаяси шиеленістің ушығуына қарамастан, аймақтағы көптеген елдер өздерінің экономикалық даму серпінін сақтады. Олар Қытай мен Жапонияда күшті ішкі сұранысты қолдаған саясат және қолайлы жаһандық жағдайдан пайда көрді. Экономикалық өсу көптеген дамыған және дамушы нарықтық экономикаларда орын алуда, және қаржы нарықтарының көп бөлігі мықты екенін дәлелденген.

Дегенмен, Азия әлі негізгі орта және ұзақ мерзімді қиындықтарға тап болады, солардың ішінде саясаткерлердің көбіне белгілі проблема - халықтың қартаюы да бар. Өткен онжылдықта, аймақ оның жас жұмыс күшінің тез өсуі және күшті даму саясаты арқасында демографиялық дивидендтерді жақсылап жинады. Бірақ бұл дивиденд Жапония мен Қытай сияқты қазірдің өзінде «кәртиген» елдер үшін таусылып отыр. Туу жиілігі төмендеп және өмір сүру уақыты ұзарғандықтан жұмыс күші саны азайып және ол кәртиіп те жатыр.

https://prosyn.org/nuyiA7Akk