go1_CLAUDIO REYESAFPGetty Images_cptpp Claudio Reyes/AFP/Getty Images

Азиядағы көпжақтылықтың болашағы

СЕУЛ – Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Азия жылдар бойғы соғыс пен ғасырларға созылған отарлықтан бас көтерді. Америка Құрама Штаттары Азиядағы одақтастарымен, соның ішінде Филиппин, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея және Пәкістанмен арада екіжақты қорғаныс келісімдеріне қол қойып, олармен ерекше сауда және инвекстиция қарым-қатынастарын қалыптастыру арқылы тез арада аймақтық қауіпсіздіктың басты кепіліне айналды. Содан кейінгі кезеңдерде Азия ашық сауда, инвестиция және көпжақты ынтымақтастықтың жемісін көрді, сөйтіп бұл аймақ жетекші сауда хабына айналды.

Бірақ соңғы геостратегиялық және экономикалық өзгерістер 1945 жылдан кейінгі көпжақты тәртіпке күмән келтіруге негіз болып, аймақтағы сенімсіздікке жол ашты. Ең алдымен президент Дональд Трамп басқарған Америка жаһандық сахнадан, әсіресе Азиядан артқа ығысып жатыр. Ең бастысы, Қытай Азиядағы бірнеше елдің аумақтық тұтастығына шек келтіріп қана қоймай, аймақтағы экономикалық тәртіптің либералдық бағытына қол салып жатқанда АҚШ кері шегініп барады.

Бүгінгі белгісіздікті ескерер болсақ, қазір – Азия үкіметтерінің аймақтық бейбітшілік пен гүлденуді басты басымдық ететін кезі. Әрі тығыз көпжақты ынтымақтастық бұл әрекеттің өзегі болуы тиіс.

https://prosyn.org/PKOAcZckk