5

Макридің Аргентинадағы көңіл қаларлық бірінші жылы

НЬЮ-ЙОРК – Аргентина экономикасы қиын кезеңнен өтіп жатыр. Өткен жылы, ЖІӨ 2,3% -ға төмендеп және инфляция шамамен 40 пайызға жетіп, мемлекет стагфляциядан зардап шеккен. Кедейлік пен теңсіздік, жұмыссыздық өсті.  Сонымен қатар сыртқы борыш та үлкен қарқынмен өсуін жалғастырып келеді. Президент Маурисио Макри үшін бұл, кем дегенде, сынаққа толы бірінші жыл болды.

Әрине, Макри  2015 жылдың желтоқсан айында кеңсеге келгенде, оның ізашары Кристина Фернандес де Киршнер жүргізген қайшы макроэкономикалық саясаты салдарынан туындаған күрделі мәселелерге тап болды. Бұл саясат экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен елдің валюталық резервтерін жойып, төлем балансының дағдарысына апарған теңгерімсіздіктерге әкелді.

Бірақ Mакри да жетілмеген макроэкономикалық саясат тәсілін көздеді. Оның әкімшілігі өткен онжылдықта қол жеткізген әлеуметтік инклюзиядағы жетістіктерді жоймай, фискалдық және сыртқы үйлесімсіздікті шешу керек еді. Бірақ оның төрт негізгі ұстанымға негізделген көзқарасы бұлай жасауға мұрша бермеді.

Біріншіден, Mакри  басқарған үкімет айырбас бағамын басқаруды босатты және Аргентина өзгермелі валюталық режимге көшіп, 2016 жылы Аргентиналық песо АҚШ долларына қатысты 60% -ға құнсызданды. Екіншіден, Макри үкіметі шикізат тауарлары экспорты бойынша салықтарды төмендеткен, және импорттық бақылауды біршама тоқтатты. Үшіншіден, Аргентинаның Орталық банкі, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін негізінен инфляциялық салыққа (сеньоражға) сүйенген саясаттан инфляциялық таргеттеу режиміне көшуді жариялады.