jaishankar1_keithbinns_Getty images_map afghanistan keithbinns/Getty Images

Ауғанстанның ендігі тағдыры

НЬЮ-ДЕЛИ – Ауғанстанның жаңа геосаяси тарихын бес кезеңге бөліп қарауға болады. Бірақ қазір ол жаңа өзгерістің қарсаңында тұр. Ал жаңа кезеңнің басты ерекшеліктері қандай болары белгісіз.

1974-1979 жылдар аралығындағы алғашқы кезеңде Пәкістан исламистерді паналатып, дайындықтан өткізді, олар Мұхаммед Дауд ханның үкіметіне қарсы шықты. Кейін, 1979-1989 жылдар аралығында Пәкістан, АҚШ және Сауд Арабиясы муджехедтерді қаржыландырып, дайындықтан өткізді, қару-жарақпен қамтамасыз етті, ал олар кеңес әскеріне қарсы соғысты. 1989-1996 жылдар аралығында Ауғанстан өтпелі кезеңде болды, онда дала командирлері күшейіп, Кабулды қоршап алды да, президент Мұхаммад Наджибулланы биліктен кетірді. 1996-2001 жылдар аралығында Талибан үкіметі қисынсыз жабайы режим орнатты, соның кесірінен ол Пәкістан, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерін қоспағанда толық дипломатиялық изоляцияда қалды.

Бесінші кезең 2001 жылғы 11 қыркүйек шабуылынан соң басталды. Содан бері Пәкістанның қолдауына сүйеніп қайта бас көтерген Талибанмен күресте қырық жамау ауған үкіметін қолдаған АҚШ соғысқа араласып келеді. Алтыншы кезеңде “АҚШ Ауғанстандағы соғыста жеңілді ме, жеңілсе неге жеңілді?” деген сұрақ туды. 

https://prosyn.org/fEwr5wckk