22

«Трампономиканың»  осал жері

НЬЮ-ХЕЙВЕН – Дональд Трамптың экономикалық стратегиясы негізінен дұрыс емес.  Жаңадан сайланған АҚШ президенті үнемдеудің созылмалы тапшылығы бар елде мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен экономикалық өсуді қалпына келтіруге ниеттеніп отыр. Бұл қазірдің өзінде нормадан әлдеқайда жоғары сауда тапшылығын еріксіз арттыруға апаратын ұлттық жинақ ақшасының одан әрі азаюына апарады.

Бұл динамика  «Трампономиканың»  осал жерін ашып көрсетеді: экономикалық өсуді сақтап қалу үшін шетел валютасындағы жинақтар және сауда тапшылығына Американың тәуелділігіне қайшы келетін тұрпайы протекционистік үрдіс.

Трамптың әкімшілігі күшті де тұрақты да емес американдық экономиканыны мұраға алады. Ұлы құлдыраудан кейін қалпына келтіру қарқыны қалыпты циклдік жаңғыртудың тек жартысындай ғана - және бұл 2008-2009 жылдардағы айтарлықтай қысқартулар аясында орын алуда. Және өкінішке орай, болашақтағы экономикалық  өсудің «егіс дәні» болып табылатын жинақтар тапшылығы жалғасуда. Ұлттық жинақтардың таза мөлшерлемесі -  кәсіпорындар, үй шаруашылығы және мемлекеттің жинақтары, девальвацияны ескере отырғанда, 2016 жылдың бірінші жартысында ұлттық табыстың тек 2,4%-ын құрады. Ол 2008-2011 жылдарда жинақтар бойынша теріс позициямен салыстырғанда, жақсару болып саналса да,  ХХ ғасырдың соңғы үш онжылдығында болған 6,3% орташа мәннен айтарлықтау артта қалып отыр.

Бұл өте маңызды, өйткені Трамп қарсы шыққан деструктивті сауда тапшылығының себебін түсіндіреді.  Жинақтар тапшылығы және экономикалық өсу ынтасы тұрғысынан, АҚШ жетіспейтін жинақтарды шетелден импорттауы керек. Ағымдағы төлем мен сауда теңгерімінің теріс сальдосы - шетелдік капиталды тартудың жалғыз жолы. Бұл сандармен расталады: 2000 жылы ұлттық жинақтар деңгейі орташа көрсеткіштен айтарлықтай төмендегенде, ағымдағы төлем теңгерімінің теріс сальдосы  ЖІӨ-нің 3,8% -ын құрайтын орташа мәнге дейін өсті, бұл 1970 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңдегі 1% -бен салыстырғанда шамамен төрт есе артық. Сол сияқты, таза сауда тапшылығы - елдің сауда теңгерімсіздігінің ең толық көрсеткіші - 2000 жылдан бері ЖІӨ-нің 4% -ын құрады, салыстыру үшін - ХХ ғасырдың соңғы үш онжылдығанда орташа мәні 1,1% болған.